Версия для печати

25 WI-FI ҚҰРЫЛҒЫСЫ ТЕГІН ОРНАТЫЛАДЫ Избранное

Пятница, 08 Апрель 2022 03:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 875 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Бұл туралы Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов хабаралады. Өткен жылы қаладан шалғай орналасқан 14 елді мекенге базалық станция орнатылып, 136 мыңға жуық тұрғын сапалы интернетпен қамтылған. Одан бөлек инвестор есебінен 10 елді мекенге талшықты оптика желісі жүргізілген. ал биыл 15 елді мекенге талшықты оптика желісін тарту жұмысы жоспарланып отыр. Ол үшін қазір қажет құрал-жабдықтар жеткізілуде.

136

 

– Шалғайда орналасқан мектептерге жылдамдығы жоғары интернет тарту мақсатында Асар-2 шағынауданына радиусы 30 шақырымға жететін базалық станция орнатылады. Қазіргі таңда жер телімін анықтау жұмыстары атқарылуда. Базалық станция іске қосылса, сол маңда орналасқан мектептердің интернет мәселесі толығымен шешіледі, – деді басқарма басшысы.
Әсет Әбдіраханов қоғамдық орындарға тегін WI-FI желісін орнату жұмысы жалғасып жатқанан атап өтті. Өткен жылы Ubiquiti Networks технологиясымен 30 тегін WI-FI нүктелері іске қосылған. Биыл аудан әкімдіктерімен бірлесе 9 орын анықталып, жыл соңына дейін 25 WI-FI құрылғысы қойылады. Нәтижесінде қаладағы қоғамдық орындар ақысыз интернетпен толық қамтылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.