ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ Избранное

Среда, 20 Июль 2022 04:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1952 раз

Шымкент қаласына «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басшысының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында Жастар ресурстық орталығы ғимаратында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанмен бірге үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

158

 

Алғашқы кіріспе сөзді алған қала әкімінің бірінші орынбасары Қордың маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлердің қолдау көрсететініне сенім білдірді.
–«Қазақстан халқына» Қоры құрылғалы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жандана түспек. Әсіресе шалғай елді мекендерде қоғамдық бірлестіктердің атсалысуымен жеке меншік мектептердің құрылысы қарқын ала түседі деген үміттемін, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Жиын барысында Л.Шыңғысбаева Қордың атқаратын жұмысы мен негізгі бағыттары жөнінде жиналған көпшілікке түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, Қор жанынан 4 сарапшылық комитет құрылған. Қор негізінен денсаулық сақтау, білім әлеуметтік салалар бойынша күрмеуі қиын мәселелердің жүйесін табуға, оларды шешуге көбірек назар аудармақ.
–«Қазақстан халқына» Қоры 2022 жылғы қыркүйек айында Қор қызметінің нысаналы бағыттарын айқындау мақсатында Ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Конференция мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ҮЕҰ, бизнес және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтеді. Конференцияда Қордың жаңа Тұжырымдамасы және Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының проспектісі қабылданады. Қазір бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмысқа коммерциялық емес сектор өкілдері, мәслихат депутаттары, Қордың қайырымдылық жасаушылары - бизнес өкілдері, сарапшылар мен салалық мамандар тартылып жатыр, - деді Ләззат Алтынбекқызы.
Кездесу барысында «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры мен Шымкент қалалық әкімдігі арасында өзара түсіністік жөнінде екі жақты меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, жиында Қор басшысының орынбасары Шымкенттегі үкіметтік емес ұйым өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, қойған сұрақтарына жауап берді.