Жүйрік болсаң, озып көр Избранное

Пятница, 15 Сентябрь 2023 04:56 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 841 раз

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен көптен күткен Shymkent Marathon желаяқтар сайысы 17 қыркүйекте өтеді. Жарыс Әл Фараби алаңында таңғы сағат 09.00-де басталады.

383

 

Қатысушылар алты қашықтықтың бірін таңдай алады: Бастауыш (5 км), жүгіруші (10 км), жартылай марафон (21 км), марафон (42 км), Сканди (5 км), Экиден (42 км). Ал марафонның жүлде қоры – 14 000 000 теңге.

384


Биылғы марафонның ерекшелігі мүмкіндігі шектеулі балалар марафонда бақ сынай алады. Олар ата-анасының бірінің көмегімен жүгіреді. Күні бүгінге дейін мүмкіндігі шектеулі 70 бала қатысуға өтініш берген. Олар Әл-Фараби алаңынан Имран сауда үйіне дейінгі аралықта жүгіріп өтеді.
Қатысушыларды тіркеу 16 қыркүйек күні сағат 17.59 минутта аяқталады, дейді ұйымдастырушылар.
Салауатты өмір салтын қолдаушы және жеңімпаз ретінде сезіну үшін марафонға қатысыңыз!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.