МАХМҰД САБЫРХАН ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ Избранное

Среда, 13 Март 2024 05:44 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1375 раз

Жерлесіміз, бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасына жолдама алды. Ол Италия елінің Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде 57 келіде бақ сынады.

kraj

 

Махмұд Сабырхан алғашқы айналымда Эфиопия спортшысы Ядеса Лета Фикремариамды 5:0 есебімен жеңді. Екінші жекпе-жегінде тайландтық Саравут Суктхетпен келесі кезеңді сарапқа салды. Кездесу тартысты өтіп, отандасымыз 3:2 есебімен айласын асырды.
Махмұд 1/8 финалда пуэрто-риколық Паган Калеб Жосие Тирадоны айқын басымдықпен (5:0) ұтты. Шешуші айқаста тәжікстандық Асрор Вохидовпен жолы түйісті. Шаршы алаң төрінде жерлесіміз сериялық соққыларымен ерекше көзге түсіп, 4:1 есебімен жарқын жеңіске жетті.
Әлемдік іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасынан жалпы 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) бақ сынады. Оның ішінде Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) жолдаманы қоржынға салды.
Айта кетейік, Олимпиадаға келесі іріктеу турнирі 23 мамыр мен 3 маусым аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.