МЕГАПОЛИС НАМЫСЫН 52 СПОРТШЫ ҚОРҒАЙДЫ Избранное

Пятница, 03 Май 2024 06:00 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1466 раз

Шымкентте конькимен мәнерлеп сырғанаудан «Б» тобы бойынша «SHYMKENT SKATE» халықаралық турнирінің ашылу салтаны өтті. Халықаралық додада бағын сынауға Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының, Украина мен Өзбекстан елдерінің жас мәнерлеп сырғанаушылары өнерлерін паш ететін болады.

Manerlep

 

«Мұз сарайының» айдынында сырғанайтын 300-ден аса спортшының 52-сі Шымкент қаласының намысын қорғайды.
1-5 мамыр аралығында өтетін халықаралық турнир қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының, №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, «Шымкент қаласының конькимен мәнерлеп сырғанау, шорт трек пен шайбалы хоккей федерациясы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр.
Биыл бесінші рет өтіп жатқан жарыстың мақсаты – елімізде конькимен мәнерлеп сырғанауды дамыту, әр топтан дарынды спортшыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау.
—Бүгінгі спорттық іс-шарамызды жас спортшыларымыз өнерлерін шыңдасын, болашақта халықаралық жарыстарда көк байрағымызды көтерсе деген ниетпен ұйымдастырдық. Әрі көршілес елдермен тәжірибе алмасамыз, — деді №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Болат Мәмбетов.
Айта кетейік, турнир 5 мамыр сағат 17.00- ге дейін жалғасады. Жас спортшылардың өнерін тамашалап, қолдау көрсетемін деушілерге «Мұз айдынына» кіру тегін.

А.ЕРМАХАНҰЛЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.