Әлемнің үздік жас теннисшілері Шымкентте Избранное

Среда, 22 Май 2024 04:50 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1269 раз

Қаладағы Ұлттық теннис орталығында жастар арасындағы әлем чемпионатына іріктеу бойынша Дэвис кубогы кезеңінің ұлдар арасындағы сайыстың ашылу рәсімі өтті. Junior Davis Cup Азия/Океания аймағының іріктеу сайысында 16 жасқа дейінгі аталған аймақтың ең мықты жасөспірімдері бақ сынайды.

Tenis-1

 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев іс-шарада барша қатысушыларға сәттілік тілеп, сайыстың маңызы жоғары екенін атап өтті.
– Шымкент қаласына қош келдіңіздер. Әлем чемпионатына іріктеу сайысы биыл қаламызда екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл – бізге артылған зор сенім. Шаһарда үлкен теннис спортын дамытуда жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы орайда Халықаралық теннис федерациясына, ҚР Теннис федерациясына және демеушілерге алғысымды білдіремін! – деді қала әкімі.

Tenis


ҚР Теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев барша ұйымдастырушыларға рақметін жеткізді.
Теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына іріктеу Шымкент қаласында екінші рет өтіп жатыр. Жасөспірім ұлдар арасындағы іріктеу сайысына Қазақстан, Аустралия, Қытай, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Таиланд, Вьетнам командалары қатысуда.
Аталған турнирде Алматы және Шымкент қаласы, Түркістан облысының спортшылары ел намысын қорғайды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.