Донбай Абылай Абдужаппарович – хирург, трансплантолог. «Алтын дәрігер» медаль иегері. Жалпы еңбек өтілі — 12 жыл.⠀
⠀
2019 жылдан бері №1 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқаруда. Жалпы Шымкент қаласында трансплантология саласын дамытуда зор үлес қосуда.2019жылы⠀Абылай Донбай⠀бастаған трансплантологтар тобы 5 сағат 48 минутта бауыр трансплантациясын жасап, рекордты жаңартты.⠀⠀
⠀
Қазіргі таңда №1 Қалалық клиникалық ауруханада Донбай Абылай Абдужаппарұлының бастамасымен 191 бүйрек, 30 бауыр трансплантациясы және 1 мәйіттік трансплантация жасалынды. ⠀
⠀
Оталар сәтті өтіп, науқастардың шексіз алғысына бөленуде.
Последнее изменение Четверг, 15 Декабрь 2022 15:13