Шымкентте 100-ге келген кейуана дауыс берді

Воскресенье, 19 Март 2023 05:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 727 раз

WhatsApp Image 2023-03-19 at 11.36.27

Шымкент қаласы Қатынкөпір шағынауданының тұрғыны 100 жастағы кейуана Айымкул Орынбаева кезектен тыс ҚР Парламент Мәжілісі мен қала мәслихаттары сайлауында өз үйінде дауыс берді. Ғасыр жасаған әжей қаладағы №52 мектеп ғимаратында орналасқан №283 сайлау уческесі арқылы өз таңдауын жасады.

–Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, елдің қамын ойлаған азаматтарға Алла жар болсын! Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын!,- деп батасын берді кейуана.

Әжеміз өз ғұмырында елімізде өткен барлық сайлауға қатысып, белсенділік танытқан жан екен. Бұл жолы да өз үрдісінен танбай саяси науқанның ардагері атанды.

Айта кетсек,  №283 сайлау учаскесіне 2 829 сайлаушы тіркелген. Мұнда тұрғындардың сайлауға деген белсенділігі өте жоғары.  Таңнан бері 112 адам өз таңдауын жасаған.

Ал жүріп-тұруы қиын жандарға комиссия мүшелері өздері барады. Олар үшін барлық жағдай жасалған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.