Версия для печати

Жолда қабылдау жүргізілді Избранное

Среда, 19 Июль 2023 04:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 529 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент полицейлері «Жолда қабылдау» акциясы аясында мыңнан астам сауалға жауап берді. Аталған шараны мегаполис полицейлері қала тұрғындары мен қонақтары көп жиналатын «Арбат» демалыс аймағында өткізді.

621

 

Ішкі істер министрінің нұсқауымен акция республика көлемінде ұйымдастырылды. Мұндағы басты мақсат – қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде шешіп, халықпен тиімді кері байланыс орнатып, азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға және оларды мазалаған сауалдарға жедел әрі тиянақты жауап беруге бағытталған.
Акцияға 400-ден астам азамат қатысып, 511 ұсыныс-сауал жолданды. Оның ішінде, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде – 151, жол жүрісін ұйымдастыру бойынша – 95, автокөлікті қайта жабдықтау туралы – 42, көші-қон заңнамасына қатысты – 42, көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру жөнінде – 12, ЖКО бойынша – 8 және тағы басқа өтініштер мен сұрақтар қойылды. Жолда қабылдауға, әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметі басшылары қатысып, тұрғындарды толғандырған мәселелерге жауап берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.