«Қазіргі таңда Шымкентте «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 12 мектеп соғылып жатқаны белгілі. Олар жаңа оқу жылына дейін дайын болып, құрылысы аяқталуы тиіс. Сондықтан, уақыт тығыз. Барлық тарап міндеттемелерді тиісті деңгейде, өз мерзімінде аяқтауы маңызды. Сондықтан, бұл жиынға қалалық білім басқармасы, «Самұрық Қазына» АҚ өкілдері келіп отыр. Мектеп жиһаздарының техникалық сипаттамасы бойынша білім басқармасы тиісті құжаттарды жиһаз жасаушыларға жіберген. Сондықтан, қосымша сұрақтарды пысықтап, жұмысты бастау керек», – деді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.
Шымкент қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Тұрар Саутов мектеп жиһаздарына қойылатын талаптар туралы тағы бір пысықтады.
Басқарма өкілі білім ошақтарын жаңа оқу жылына дейін қажет оқу жиһаз-жабдықтармен дер кезінде қатамасыз ету, жиһаздарға қойылатын талаптарға тоқталды. «ҚР Оқу-ағарту министрінің №70 бұйрығын негізге аламыз. Сонымен қатар жиһаз түстері ашық болуы керек» деді ол.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Шымкент қаласы бойынша өңірлік басшысы Марат Қуанышбаев құрылысшылар мен басқа да тауар өндірушілер арасындағы байланысқа көпір болып отырған Кәсіпкерлер палатасының басшылығына алғыс айтты.
«Самұрық Қазынаның» ұстанымы баршаңызға белгілі – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау. Ендігі мақсат – мектептердің бас мердігерлері жиһаз жасаушыларды таңдап, жаңа оқу жылына дейін үлгеруі тиіс. Жиһаз түрлері мен өлшемдері бойынша бұған дейін келісіліп қойылған. Енді түстерін келісіп алған соң жұмысты тездету қажет», – деді ол.
Жиын барысында жиһаз компанияларының өкілдері өздеріне қойылатын талаптар мен ресми құжаттарды пысықтап, жауапты мамандардың жауаптарын алды. Бас мердігерлер мен жиһаз компанияларының өкілдері өзара келіссөз жүргізіп, байланыс деректерін алмасты.
Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі