Версия для печати

Еңбекші ауданы: «Алатаудың» айналасы айнадай

Пятница, 12 Апрель 2024 07:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 553 раз
Оцените материал
(0 голосов)

enbekshi-alatau

Шымкенттіктер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында белсенділігімен ерекшеленіп жатыр. Бүгінгі #TazaShym жалпықалалық тазалық шарасын еңбекшіліктер 11 шағын ауданда орналасқан «Алатау» саябағынан бастады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынып отырған 5 аптаға жоспарланға науқанға атсалысуға келдік. Алайда, бұл жұмыстар тек науқандық болып қалмауы тиіс. Қала көркейіп, даму үшін барлық жерлестерімді акцияға атсалысуға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақырамын, - дейді боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдабеков.

Еңбекші аудандық қоғамдық орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Сыдықовтың айтуынша, тазалық шарасына 100-ге жуық тұрғын жиналып, 3 техника жұмылдырылған. Олар шөп орып, ағаштарды әктеумен қатар, арықтарды қоқыстан тазартып, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп отыр.

Айта кетейік, Еңбекші ауданының аумағындағы тазалық жұмыстарына 870-тен астам адам қатысып, 26 арнайы техника жұмылдырылған. Олар 6,4 шақырым аяқжолды тазалап, 970 түп ағашты әктеп, бұталарын қырықты. Бүгінге дейін аудан аумағынан 48 текше метр қоқыс шығарылып, 1150 м ирригациялық жүйелер тазаланды.

«Шымкент келбеті»

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.