"ҚЫС-2022" ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ АЯСЫНДА ПРАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛДІ

Пятница, 25 Ноябрь 2022 12:22 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4490 раз

Шымкентте "Қыс – 2022 республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында бірнеше практикалық іс-шара өткізу жоспарланған. Республикалық оқу-жаттығудың кіріспесіне сәйкес Шымкент қаласында коммуналды–техникалық желілер мен теміржол көлігінде апат орын алды. 

CHS 4 

Теміржол айрығында тепловоз машинисі қателік жіберіп, мазутпен толтырылған 30 цистернасы бар т/ж составы рельстен шығып кетті, бір цистернадан жанар-жағар май төгіліп, соңынан өрт шығады. Оқу-жаттығудың сценариіне сәйкес, станса бойынша кезекші маневрлік жұмыс кезінде жанар-жағар май төгіліп, кейіннен өрт шығып, цистерна жолдан шыққаны туралы ақпарат алады. 

CHS 7

 Т/ж стансасының басшылығы өрт поезын және ВП-39 қалпына келтіру поезын көтеру туралы шешім қабылдайды. Шымкент теміржол стансасының барлық жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Бірден қауіпті аймақ периметрдің айналасында қоршалды. 

CHS 7 

Жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдары келеді. Өрт сөндіру пойызы мен өрт сөндіру бөлімдері өртті сөндіруге кіріседі. Бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде өрт 30 минутта ауыздықталып, толық сөндірілді. 

CHS 6 

Сонымен қатар, Шымкент стансасының қалпына келтіру пойызының бригадасы ЖЖМ бар 1 цистернаның рельстен шығу салдарын жоюға кірісті. Үйлесімді жұмыс нәтижесінде барлық пойыз рельстерге қойылды. ТЖ салдарын жою үшін ҚТЖ АҚ күштері мен құралдары жұмылдырылды: 50 адам, жолаушыларды эвакуациялауға арналған 7 бірлік техника және 4 арнайы техника, оның ішінде АЦ-40 автоцистернасы, 1 өрт пойызы және кран қондырғылары бар 2 техника.

Өртті сөндіру үшін Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 20 адам және 3 техникасы жұмылдырылды.

Практикалық іс-шара барысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ бөлімшелері мен Шымкент қаласы ТЖ департаментінің ЖЖМ төгілу кезіндегі өртті сөндіру барысындағы өзара іс-қимылы пысықталды.

Шымкент қ ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Последнее изменение Пятница, 25 Ноябрь 2022 12:30
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.