ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН АВТОХҚО-ЛАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ӨЗГЕРДІ

Четверг, 26 Январь 2023 05:34 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3611 раз

2023 жылдың 23 қаңтарынан елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында автоХҚО-лардың жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін автоХҚО-лар дүйсенбі және сенбі күндері аралығында сағат 09:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды.

Мекенжайлары:
№1 мамандандырылған ХҚО: Достық ш/ауд., 2343/1;

№2 арнайы ХҚО: Ташкент тасжолы, 341.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.