БАҚ қызметкерлері мерекелік сайысқа қатысты

Вторник, 28 Июнь 2022 04:53 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1397 раз

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсанында Шымкент қаласының Төтенше жағдай департаменті өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша арнайы квест сайысын ұйымдастырды. Сайысқа жергілікті телеарналар мен мерзімді баспасөзден 4 команда қатысты. Әр командада 2 адам болды.

 

tjd 6

 

Сайыс 4 кезеңнен тұрды.

 

1-кезең – командаларды таныстыру;

2-кезең – жауынгерлік киім кию;

3-кезең – шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2-қабатындағы терезеге көтерілу;

4-кезең – жауынгерлік қанат жаю.

 

Квест қатысушыларына сайыскерлер арасындағы үйлесімділік пен өзара түсіністіктің маңыздылығы түсіндірілді.

 

tjd 5

 

tjd 2

 

 

tjd 3

 

Сайыс кәтижесі бойынша І орынды «Оңтүстік» телеарнасының «Оңтүстік алғырлары» командасына бұйырды, ІІ орынды «Отырар-TV» телеарнасының «Отырар» командасы алды. «ХанТВ» телеарнасының командасы ІІІ орын алса, республикалық «Әділет» газетінің өкілдеріне қатысқаны үшін алғыс білдірілді. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар, дипломдар табыс етілді.

 

tjd 1

 

Өрт сөндіру-құтқару квестінің бас төрешісі, ТЖ департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев лайықты сыйлықтарды табыстай отырып, тығыз ынтымақтастық үшін өз алғысын білдірді. Ал шымкенттік журналистер өрт сөндіруші рөлінде өзін сезінудің бірегей мүмкіндігі үшін басшылыққа алғыс білдірді. Іс-шара соңында барлық журналистер өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбегі күрделі ғана емес, аса ауыр және қауіпті деген пікірге келді.

 

Шымкент ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Последнее изменение Вторник, 28 Июнь 2022 05:03
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.