Прокурорлық қадағалау актісімен сот шешімінің күші жойылды

Четверг, 07 Июль 2022 04:03 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2039 раз

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының шешімімен талап қоюшы Д.Б.-нің цех ғимаратына меншік құқығын тану туралы талап қою арызы қанағаттандырылған.

 

 

Еңбекші ауданы прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде, ғимарат орналасқан жер учаскесі Д.Б. заңсыз иеленгені және Шымкент қаласының сәулет, қала, құрылысы және жер қатынастары Басқармасы мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес даулы жер телімі Шымкент қаласы әкмдігінің 28.12.2021ж. №1704 қаулысымен бекітілген Бадам өзені Шымкент каналын абаттандырудың егжей-тегжей жоспарлау жобасы бойынша көпшілік пайдаланатын көше енділігіне енетіні және жасыл-желек аумағында орналасқаны анықталды.

Аудан прокуратурасы аталған шешіммен келіспей, апелляциялық өтінішхат енгізді.

Нәтижесінде, Шымкент қалалық соттың қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, өтінішхат қанағаттандырылып, талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданды.

 

Еңбекші ауданының прокуратурасы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.