Шымкентте МӘМС шеңберінде ересектер мен балаларға медициналық оңалту көмегіне қолжетімділік артқан. Бүгінде кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық және жалпы оңалту шаралары, травматологиялық, пульманологиялық бағыттар бойынша 68 медициналық ұйым көмек көрсетеді. Емдеу мекемелерінде былтыр 400 мыңға жуық оңалту шаралары көрсетілген. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлім етті.

akiMM-2

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Халықаралық ғылымдағы қыздар мен әйелдер күніне» орай “Гендерлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі” атты форум өтті. Жиында партияның қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов үшінші шаһардағы ғалым, профессор қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, Алғыс хат табыстады.

gilim

Еліміздің үшінші мегаполисінде бүгінгі таңда 960 білім беру ұйымы бар. оның 251-і – мемлекеттік, 718-і – жекеменшік. Өткен жылмен салыстырғанда 42 білім беру ұйымына артқан. Аталған білім ошақтарында 401 883 бала білім алуда. Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева БАҚ өкілдеріне берген есебінде салада атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

bilim

Әлеуетті әкім

Среда, 14 Февраль 2024 04:07

Саналы ғұмырында игілікті өмірдің жаршысы болған азаматтарымыздың тірлігін ертеңге үлгі ету біздің парызымыз. Келер ұрпақ олар туралы естеліктерді көзін көргендерден естіп, кітаптардан оқып бой түзеп өсуі тиіс. Үзілмейтін уақыт көшімен бірге алдыңғы толқынның өздері жасаған алғадай ісін жалғастыру болашаққа аманат. Сондықтан қажымас қажыр-қайраттың, мықты ерік-жігердің, ақыл-парасаттың иесі болған қазақтың асыл тұлғалары туралы қанша айтса да артық емес. Алып таулардың алыстаған сайын биіктей түсетіні тәрізді, адамгершілік қасиетімен елге сіңірген еңбегінің арқасында мәңгі жасайтын тұлғаның бірі де бірегейі мемлекет және қоғам қайраткері – Бердібек Машбекұлы Сапарбаев.
Бүгін назарларыңызға Бердібек Машбекұлымен қызметтес болған азаматтардың естеліктерін ұсынып отырмыз.

saparbaev

Дарабоз аға

Среда, 14 Февраль 2024 04:05

Қазақтың заңғар ұлдарының бірі Бекең, Бердібек Машбекұлымен алғаш рет 1997 жылы таныстым. Бұл уақыттарда ол Қызылорда облысының әкімі еді. Әкесі Машбек қатты науқастанып біздің хирургия орталығында жатты. Мен емдеуші дәрігермін. Көп ұзамай Бекең әкесінің халін сұрауға келді. Талай әкімдерді көріп жүрміз ғой, менің таңқалғаным оның шектен тыс қарапайымдылығы еді.

saparbaev-2

«КРИЗИС МЕНЕДЖЕРІ»

Среда, 14 Февраль 2024 04:03

Екі мыңыншы жылдары қызмет бабымен «Жас Алаш» газетінен «Егемен Қазақстанның» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі болып тағайындалдым. Негізінен спорт тақырыбын қаузап жүрген кезім. Қиындау соқты. Бір күні облыс әкімінің орынбасары Дархан Мыңбай бауырым телефон шалып, Оңтүстік журналистикасының абызы Әсет Тілеукеев ағаның іздеп жатқанын айтты.

saparbaev-1

«АРБАТТА» КЕРЕМЕТ КЕШ ӨТТІ

Среда, 14 Февраль 2024 03:57

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры «Арбат» алаңында ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жазылар естеліктер мен туралы...» атты поэзия кешін өткізді.

makataev

Теріс діни ағымдардан сақтану, оның зардабын түсіндіру мақсатында Шымкент қаласының дін істері басқармасының бастамасымен «Жастар ресурстық орталығында» жазушы, драматург Жабал Ерғалиевтің «Есігіңді қаққан кім?» спектаклі қойылды.

ekistrism

 

Қойылымды тамашалауға білім басқармасына қарасты спорт мектептерінің тәрбиеленушілері мен колледж студенттері келді.
Іс-шараның мақсаты - қала жастары арасында экстремизм, радикализм мен оның түрлері, теріс діни ағымдардың зардабын түсіндіру.
- Әлеуметтік желілер дамыған заманда жастарымыздың түрлі діни ағымдарға бет бұру қаупі өте жоғары. Бұл қатердің алдын алмасақ, жас ұрпақтың санасын жат ағымдар улауға асығады. Осы мәселені ескерген дін істері басқармасының сұранысы бойынша, Жабал Ерғалиевтің туындысын сахналадық, - дейді қойылым режиссері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық универститетінің мәдениет және өнер факультетінің аға оқытушысы Айна Емқұлова.
Оқиға желісі бойынша теріс ағымды ұстанатын ерлі-зайыптылар ата-анасын тастап, кішкентай қызымен бірге Таяу Шығысқа аттанады. Басты кейіпкер Гүлнұр қақтығыстардың бірінде күйеуі Асқар мен қызы Жанардан айырылып, елге оралады. Қойылым ниқабын шешіп тастаған жас әйелдің өкінішке толы монологымен аяқталады.
- Әлеуметтік желілерде шекара ұғымы жоқ. Қазақ, орыс, өзбек тілді теріс ағымдағы уағызшылар кең таралып жатыр. Жастар солардың ықпалына түспеу мақсатында бүгінгі қойылымды ұйымдастырып отырмыз, - дейді Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Икрам Сатыбалдыұлы.
Жиын соңында Шымкент қаласының дін істері басқармасы дайындаған діни жат ағымдар жайлы бейнеролик көрсетілді.

Абылайхан Оразалиев

Страница 9 из 769