АБАЙЛАҢЫЗ, БОТУЛИЗМ!

Пятница, 20 Сентябрь 2024 08:56

Қазір көкөністер мен жеміс-жидектерден салаттар, тұздықтарды қысқа дайындау (консервілеу) маусымы басталды. Уақыт өте келе үй жағдайында дұрыс дайындалмаған өнімдерді тұтыну салдарынан ботулизммен ауыру қаупі бар.

Осыған байланысты Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботулизмнің алдын алу үшін үйде консервілеу кезінде барлық ережелерді қатаң сақтау керектігін еске салады.
Ботулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын нерв жүйесінің зақымдануымен жүретін, уақтылы емдеу мекемесіне қаралмау нәтижесінде тез арада өлімге әкелетін тамақтан уланудың ауыр түрі.
Ботулизмнің қоздырғышы анаэробты жағдайда көбінесе ауа жоқ жерде көбейеді. Ерекшелігі де міне осында, яғни тағамның түсі, түрі еш өзгеріссіз қалпында қалады. Аурудың ерте белгілеріне аз уақыт ішінде байқалатын тамақтан улану симптомдары жатады ( жүрек айну, құсу, бас ауру) бара-бара бұл ботулизм ауруына тән жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы белгілеріне ауысады (көз еттерінің жансыздануы, қарашығының үлкеюі, заттарды қосақтап көру (диплопия), жарыққа реакцияның болмауы, таңдай еттерінің, тамақтың, кеңірдектің жансыздануы, жұту, шайнау актілерінің бұзылуы және т.б).
Адамның ағзасының улануы көбінесе үй жағдайында технологиялық әзірлеу талабы сақталмай әзірленген азықтарды: баялды (баклажан), қияр, саңырауқұлақ, балық, салаттар, шұжықтар, қақталған балықтарды, т.б. пайдаланғаннан болады.
Ботулизмнің негізгі симптомдары, клиникалық көріністері:
- көздің көруінің нашарлауы «бұлыңғырлану», көз алдының «торлануы», затты екеулеп көруі, қабағының түсуі (птоз);
- сілекей секрециясының бұзылуы, ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, шашалып қалу, көмейінде бірдеңе тұрып қалғандай сезіну;
- дауыс желбезегінің зақымдануы, мұрыннан сөйлеу, тілінің күрмелуі;
- тыныстың бұзылуы.
Ботулизмнің алдын алу жолдары:
- сатып алынған өнімдерді топырақтарын тазалап, ағынды судың астында бірнеше рет тазалап жуу қажет;
- банкілерді, қақпақтарды стерилизациялау әдісіне аса назар аудару қажет;
- өнімдерді консервілеудің режимін сақтау, уксус немесе лимон қышқылын міндетті түрде пайдалану;
- қақпағы көтерілген, түсі бұзылып иісі шыққан банкілерді жедел түрде жою қажет, тіпті дәмін де татудың қажеті жоқ;
- үй жағдайында консервіленген көкөністерді, жемістерді және саңырауқұлақтарды пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
- көшеден үй жағдайында дайындалған салаттар мен консервіленген тағамдарды сатып алмау.
Ботулизмнің алғашқы белгілері айқындалса ТЕЗ АРАДА медициналық көмекке жүгіну керек және өнім қалдықтарын тастамай, зертханалық бақылау үшін сақтаған жөн.

А. Ахметов,
Шымкент қ. СЭБД басшысының орынбасары

Маймыл шешегі

Понедельник, 02 Сентябрь 2024 08:52

Маймыл шешегі – вирустық зооноздық ауру (яғни адамға жануарлардан беріледі) және ауру адамнан сау адамға жұғуы мүмкін.

Маймыл шешек алғаш рет 1958 жылы зертханалық маймылдар колониясында табылған. Ал, 1970 жылы бұл аурумен адамдар ауыра бастаған. Маймыл шешегі ауруы әлі күнге дейін Африканың тропикалық орманы көп аймақтарында кездеседі. Конго Демократиялық Республикасындағы алғашқы эпидемия кезінде кем дегенде 450 адам қайтыс болды. Содан бері ауру орталық және шығыс Африка аймақтарына таралған. 2024 жылдың 7 тамызында Швецияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы тіркелді.
Клиникалық көріністері:
Инкубациялық кезеңі – 7-21 күн, көбінесе екі аптаны құрайды.
Клиникалық көріністері дамыған адамдарда ауру бас ауру, әлсіздік, қалтыраудан, дене температурасының 39,5-40°C-қа дейін көтерілуімен сиппаталады. Қатты интоксикацияның салдарынан тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, құсуы мүмкін, үшінші және төртінші күні қызба 38,5°C-қа дейін төмендейді, бетте, аяқтарда, алақандарда, бөртпе пайда болады. Бөртпе бет пен кеудеден басталады, содан кейін аяқтардың алақандары мен табанда пайда болып, аяқтарға таралады. Бөртпе әдетте дақтар мен папула түрінде басталады, содан кейін екі-төрт апта ішінде везикулаларға, пустулаларға дейін дамиды, содан кейін бөртпе элементтері қыртыспен жабылады. Жұтқыншақтың шырышты қабығында бөртпелердің болуына байланысты жөтел, тамақтың құрғауы пайда болады. Науқастардың 70%-на дейін ауыз қуысының шырышты қабатында бөртпе пайда болады, бұл тамақты шайнау кезінде, сілекеймен күшейтілген ыңғайсыздықпен көрінеді. 30% жағдайда жыныс мүшелері, 20% – көз, қабақтарға әсер етеді, бұл сәйкесінше жыныс мүшелері мен көз аймағында өткір ауырсынумен бірге жүреді. Маймыл шешегі әдетте өздігінен кетеді, бірақ кейбір адамдарда, мысалы, балалар, жүкті әйелдер немесе басқа денсаулық жағдайларына байланысты иммунитеті төмен адамдарда ауыр жағдайда пайда болуы мүмкін.
Алдын алу іс-шаралары:
1. Африка елдеріне барған адамдар арасында ауру белгілері байқалса, медициналық көмекке жүгіну, аурудың алдын алу мақсатында қырағылық таныту;
2. Ауру адаммен немесе жануарлармен қарым-қатынаста болған жағдайда жеке бас гигиенасын сақтау;
3. Маймыл желшешек ауруын тасымалдайтын жануарлармен байланыста болмау;
4. Науқастарды күту кезінде жеке қорғаныс құралдарын қолдану.

Ә. Төлебаев,
Шымкент қ. СЭБД басшысы

Соңғы жылдары елімізде жатыр мойны обырына шалдыққан әйелдер саны артып келеді. Онколог-дәрігерлердің мәліметінше, ол дерт сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр екен. Оған кеселдің «жасарып», қыз балалар арасында анықталып жатқан жағдайлар жиі кездесіп жүр. Қоғамда онкология десе, қорықпайтын адам жоқ. Сондықтан бүгінде мұның алдын алудың бірден-бір жолы – екпе. Ал жатыр мойны қатерлі ісігін тудырушы негізгі фактор – адам папиллома вирусы. 2024 жылдың күз айынан бастап елімізде 11 жастағы қыз балаларға адам папиллома вирусына қарсы екпе салынады бастады. «Адам папиллома вирусы» дегенеміз не, ол неліктен 11 жастан асқан қыздарға егіледі? Осы сауалдарға жауап берсем.

Адам папиллома вирусы – адамның терісін және шырышты  қабаттарын зақымдайтын вирус түрі.  Қазіргі  таңда  аталған вирустың 200 астам түрі анықталып, тіркелген. Вирустар 14-тен астам түрі жоғарғы онкогенді қауіп тудырады. Бұл вирус көбіне терінің шырышты қабаттарында дамитындықтан, обырмен асқыну қауіпі жоғары. Әсіресе, жатыр мойнының обырына әкеп соқтыруы мүмкін. Жатыр мойны обырының дамуы әйел адамның папиллома вирусын жұқтыруымен байланысты.

Әлемдік медицинада тәжірибе көрсеткендей, жаппай АПВ қарсы екпе алатын тұрғындардың негізгі бөлігі - 9-13 жас аралығындағы жасөспірім қыздар. Бұл кезең қыздарды жыныстық белсенділіктің басталғанға дейін жаппай егу мақсатында таңдалды. Ең дұрысы, әйел заты жыныстық қатынасқа бармай тұрып вакцинаны алуы керек. Жалпы адам папиллома вирусы тұрмыстық жанасу жолымен – қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар мен жыныс жолдары арқылы жұғады. Әсіресе, вирус ылғалды ортада тез таралуға бейім. Бала туу кезінде, вирус анадан сәбиге оның босану жолдарымен өту кезінде берілетін жағдайлар да кездеседі. Сондықтан қоғамдық орындарда сауна, монша, спорт залдары, дәретханалар, бассейндерге барғанда сақтық шараларын ұстанып, өзіңізді ұқыпты ұстағаныңыз абзал.

Екпенің қауіптілігі жайында алып-қашпа әңгімелер бар. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде АПВ-на қарсы егілген вакциналардың ешқайсысы жағымсыз реакциялар тудырмаған.

Вакцина 2006 жылдан бері әлем бойынша 100 млн аса адам алған, 270 млн доза вакцина қолданылған. ТМД елдері бойынша адам папиллома вирусына қарсы екпе Армения, Грузия, Молдава, Түркіменстан, Қырғыстан, Өзбекстан елдерінде күнтізбеге енгізіліп, қолданылауда. Әлемнің 135 елі АПВ қарсы екпені күнтізбеге енгізген. АПВ белгілері көбінесе клиникалық көріністері байқалмауы мүмкін. Көп жағдайларда дерт скрингингтің тексерулер кезінде анықталып, ем-дом кеш жүргендіктен, өлім-жітімге соқтырады. Аурудан қорғанудың жоғарыда атап өткендей бірден-бір жолы – вакцинациялау. Вирусына  қарсы егу тегін жүргізіледі. Аталған екпе ата-ананың рұқсат қағазына қол қойылғаннан кейін ғана салынады.

Ұлт саулығы әйел адамының денсаулығына тікелей байланады. Сол себепті қатерлі дерттің алдын алу үшін екпе салдырып, тиісті шараларда белсенді болған абзал.

А.ҚЫЛЫШБАЕВА, Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігері

IMG 5790

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев ұлағатты ұстаздармен жүздесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. “Түркістан” сарайында өткен іс-шараға қаладағы мектеп және колледж директорлары, білім саласы қызметкерлері қатысты. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Президент кеңесшісі Жолдау болашақ бағдарымызды айқындап берген құжат екенін, соңғы жылдары білім саласына көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Еліміздің саяси, идеологиялық бағытын жан-жақты түсіндіру мақсатында өздеріңізбен жүздесіп отырмын. Президенттің кезекті Жолдауының негізгі тақырыбы - Әділетті Қазақстанды құру. Қоғамдағы барлық қордаланған мәселенің түбінде әділетсіздік жатады. Әділеттілік қағидасы алға шығуы үшін жалпы дүниетаным, ой-сана өзгеруі тиіс. Біз өткеніміз бен бүгінімізді түгендеп, болашақты ойлауымыз керек. Ұстаз - ұлттың зияткерлік қуаты. Ұстаздарды мемлекеттік идеологияны жүргізетін тұлға деп санаймыз. Сол себепті де сіздерге үлкен міндет жүктеліп отыр. Мемлекетшілдік ұстанымға назар аударыңыздар, - деді Мәлік Нұржанұлы.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сонымен қатар, М.Отарбаев қоғамдық мәдениет білім мен ғылым арқылы дамитынын, ұстаздарға тарихи сананы жаңғыртып, оны ұрпаққа насихаттау керектігін айтты.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Жиында мектеп және колледж директорлары энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін АЭС салудың маңызын, жалпы болашақты ойлауымыз керектігі жөнінде баяндама жасады. Қазіргі уақытта әлемде 400-ден астам реактор жұмыс істейді. Атом энергетикасын пайдалану - уақыт талабы. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Спикерлер жалпыұлттық референдум саяси мәдениетті қалыптастыру бағытында өтетінін, оған азаматтарды белсене қатысуға шақырды.

IMG 5788
⁣⁣⠀
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешітте қала имамдарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелерін талқыға салды. Дін саласындағы мемлекеттік саясат, ұлттық идеология, ұрпақтар сабақтастығы жөнінде еркін форматта әңгімелесті. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Басқосуда Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. М.Отарбаев қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, мемлекеттік саясат, қоғамдық сананы дамыту бағытында өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан, адал азамат қағидасын әрдайым айтып келеді. Әділетті Қазақстанды құру үшін санамыз өзгеруі керек. Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарды насихаттап, тарихи сананы жаңғырту, жалпы мемлекетшілдік дәстүрді халыққа жеткізуіміз керек. Сіздер діни ғана емес, ұлттық идеология жолында да қызмет етіп келесіздер. Мемлекет басшысы айтқандай, біз озық ойлы ұлтқа айналуымыз қажет. Бүгінде қоғамдық мәдениетті дамыту, ұлттық бірлік пен ынтымақты сақтау - маңызды міндет. 6 қазанда өтетін жалпыұлттық Референдум саяси мәдениетті қалыптастыру жолы, - деді Мәлік Нұржанұлы.⁣⁣⠀

IMG 5789
⁣⁣⠀
Сондай-ақ, жиында қоғамдық мәдениетті дамыту, ұрпақтар сабақтастығын жалғау, мемлекетшілдік дәстүрді жалғастыру мәселелері талқыға түсті. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Шаһарда бүгінде 94 мешіт жұмыс істейді. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуде тиісті жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.

“ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТҚА АЙНАЛУ ҮШІН…”

Суббота, 28 Сентябрь 2024 17:30

IMG 5777

Қалалық Жастар ресурстық орталығында ҚР Президентінің кеңесшісі М.Отарбаевтың Президент Жолдауын түсіндіру бойынша жастармен кездесу іс-шарасы өтті. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Мәлік Нұржанұлы кездесуде қоғамдағы өзгерістерге жастардың қатысуы қажет екенін айтты. Сондай-ақ, жастардың саяси өмірге араласуын ынталандыру, пікір алмасу және идеяларды жүзеге асыру үшін бірлескен күш-жігердің маңызын жеткізді. Жастарды кітап оқуға ынталандыру, қоғамдық сананы дамыту бағытында өз ойларымен бөлісті.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
– Қазіргі бәсекелестік заманында жастардың нақты мақсаты болуы тиіс. Біз кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек. Кітап оқыған жастар, азаматтар өз ұлтын сүйеді, өмірге деген құштарлығы артады. Қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеп, озық ойлы ұлтқа айналу үшін кітапқа, білім-ғылымға қызығушылық артуы керек, – деді М.Отарбаев.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Спикерлер алдағы Референдумның және Президент Жолдауының негізгі аспектілерін түсіндіріп, жастарды белсенділік танытуға шақырды.⁣⁣⠀
Кездесу соңында қатысушылар алдағы Референдумға дайындықты жеделдету және жастар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтіп, көкейдегі сұрақтарын қойды.

 d8ee2f6b-bfd8-42dd-ab7f-ecf427d0b111

Қазақстан интернет қауымдастығының басшысы Шавкат Сабиров «Facebook» желісіндегі парақшасында «mediametrics.kz» сервисінің индикаторлары бойынша желілік БАҚ пен әлеуметтік желілерді бақылау нәтижелерін жариялады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«Әр 5 секунд сайын біз 1500-ден астам онлайн БАҚ-тан мәліметтер аламыз. Атом электр стансасын салу жөніндегі референдум тақырыбы бойынша Қазақстанның ақпараттық өрісін талдадық», – басылымда атап өтілді.⁣⁣⠀

Атап айтқанда, Ш. Сабиров 16-22 қыркүйек аралығындағы апталық мониторинг мәліметтерін ұсынды. Талдау үшін іздеу кілт сөздері таңдалды: «атомдық электр станциясы», «энергия тапшылығы», «атомдық электр станциясы», «атомдық энергия», «бейбіт атом», «ядролық реактор», «референдум», «Үлкен ауылы» және т.б.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сервистің қызмет көрсету нәтижесінде желілік БАҚ-та 3 мыңнан астам жарияланым тіркелді, оның 80%-ға жуығы бейтарап, 18%-ы оң, қалғаны (2%) теріс.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Әлеуметтік желілерде, автор атап өткендей, цифрлар әлдеқайда жоғары: 80 мыңнан астам ескертпелер, олардың көпшілігі бейтарап (82%), 16% оң және 2% теріс.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сонымен қатар, автордың жарияланымы интернет-БАҚ-та талқыланатын негізгі тақырыптарды көрсетеді:⁣⁣⠀
⁣⁣⠀

  • электр энергиясының тапшылығы проблемасы;⁣⁣⠀
  • ⁣⁣⠀
  • АЭС жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздігі;⁣⁣⠀
  • ⁣⁣⠀
  • елдің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру (орта және ұзақ мерзімді перспективада);⁣⁣⠀
  • ⁣⁣⠀
  • экономиканың, ғылымның дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға әсер ету;⁣⁣⠀
  • ⁣⁣⠀
  • экономикалық өсу үшін елдің энергетикалық әлеуетін арттыру;⁣⁣⠀
  • ⁣⁣⠀
  • «атом энергетикасының» жаңа саласын қалыптастыру және құру;⁣⁣⠀
  • ⁣⁣⠀
  • ядролық медицинаның дамуы.⁣⁣⠀

⁣⁣⠀
Зерттеудің қорытындысында автор АЭС тақырыбы мен Республикалық штаб қызметінің кеңінен қамтылғанын (интернеттегі БАҚ-та айтылғандардың 30%-дан астамы), сондай-ақ сарапшылардың, қоғам белсенділерінің, депутаттардың және белгілі бір тұлғалардың ядролық энергетиканы қолдаудағы жоғары белсенділігін атап өтеді (басқа тақырыптар: армия реформасы, құқық қорғау органдарындағы өзгерістер, жекелеген банктердің проблемалары, суицид және т.б.).

КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

Суббота, 28 Сентябрь 2024 09:48

e46616f2-aa88-4fe1-850e-ea4f1bb5bcba

Бүгінгі таңда Қазақстан үшін атом электр станциясын салу мәселесі өзекті болып отыр. АЭС салу әлемдік тәжірибе⠀растап отырғандай, маңызды бағыттардың бірі.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Қазақстан экологиялық энергия көздеріне мұқтаж. Өздеріңізге мәлім, бүгінгі таңда күнделікті тұрмыста да электр қуатына деген тәуелділік артып отыр.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
АЭС жобасы Қазақстан экономикасының көптеген салаларына серпін беріп, импортты азайтып, энергетикалық тұрақтылыққа, білікті жұмыс орындарының ашылуына және ядролық физика бағытындағы ғылыми-зерттеудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзекті. ⁣⁣⠀

Қазақстанға АЭС салу мәселесі 90-жылдардан бері⠀күн тәртібінде тұрған тақырып. АЭС құрылысын бастап, жүйеге салу да уақытты талап етеді. Шамамен, он жылға жуық уақытты алатын құрылыс оңай басатама емес екені де рас. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Медицина маманы ретінде айтарым қазіргі таңда медицина саласында бүкіл аппараттар электр қуатына тәуелді, зерттеу жұмыстарын электр қуатынсыз жүзеге асыру мүмкін емес екенін жақсы білесіздер. Сондықтан атом электр станциясын салу қажет деп есептеймін. Шымкент қаласы үшінші мегаполис болғанына да бірнеше жылдар өтті. Бізде онкологиялық ауруларды анықтайтын аппарат жоқ, себебі ол аппартты орнатайын десек үлкен электр қуатын талап етеді. Электр қуатымыздың жетіспеуіне байланысты бұл аппаратты орната алмадық және тұрғындарымыз тексерілу үшін Астана, Алматы қалаларына немесе көрші Өзбекстан елінің Ташкент қаласына баруға мәжбүр болып отыр. Біз электр қуатына да үлкен қаржы төлейміз, егер өзімізде атом электр станциясы салынса экологиялық таза қуатқа қол жеткізер едік. АЭС азаматтардың денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді. Сіздерді 2024 жылдың 06 қазанында өтетін мемлекеттік маңызы бар АЭС салу бойынша референдумға қатысуға шақырамын.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀

Бақытжан Позилов,⁣⁣⠀
№2 қалалық емханасының бас дәрігері, ШҚ мәслихатының депутаты, «Аманат»  партиясы фракциясының мүшесі

Страница 5 из 903