Қазір қалада 19 базар жұмыс істейді. Олардың 15-де, атап айтқанда – «Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Исатай», «Акбар», «Ынтық ата», «Барыс», «Жабық базар», «Көктем», «Жібек Жолы», «Жаңа шаһар», «Назым апа», «Көмеш бұлақ», «Нұр Сайрам», «Дархан», «Айна» базарларында жұмыс аяқталған.
Сонымен қатар, 4 базарда («Авто Нұр», «Қырғы базар», «Алаш», «Самал») модернизациялау жұмыстарын жүргізу туралы Жол картасы бекітілген. Осыған сәйкес «Алаш», «Самал» базарларын заманауи талапқа сай жаңарту жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталады. «Авто Нұр» мен «Қырғы базарда» базарда бұл бағыттағы құрылыс 2025 жылдың соңында атқарылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі