Версия для печати

Көшелерге – жаңа атау Избранное

Среда, 20 Ноябрь 2019 03:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3613 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл миллионды қаладағы 24 шағынаудан мен 361 көшеге жаңа атау беріледі. Оның ішінде мегаполиске бес жыл бұрын қосылған елдімекендердің көшелері қайта аталмақ.

көше атауы брифинг

Жуырда қалалық мәслихат депутаттары тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауында қаладағы шағынаудандар мен көшелерге атау беру және қайта атау мәселесі қараған болатын. Көпшілік тыңдауда туындаған сауалдарға Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы Сәкен Әбдіжаппар баспасөз брифингінде жауап берді.

С.Сәкенұлының айтуынша, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысының нормаларына сәйкес Шымкент қалалық мәслихаты тарапынан өткізілген көпшілік тыңдауға 24 шағын-аудан және 361 көшеге атау беру, қайта атау бойынша ұсыныс енгізілген. Оның ішінде 305 атауы жоқ, 28 атауы қайталанатын, моральдық тұрғыдан ескірген 28 көше бар.

Қала аумағына кейіннен қосылған 40 елдімекенде атауы бірдей Ә.Молдағулова, М.Мәметова, А.Құнанбаев, Ю.Гагарин көшелері анықталған. Халық қалаулыларының жалпы тыңдалымында аталған көшелерге қайта атау беру мәселесіне қатысты ұсыныстар қаралған. Мысалы, Абай ауданына қарасты Игілік тұрғын алабындағы Ю.Гагарин көшесін – Айсакөл, ал Еңбекші ауданы Жұлдыз тұрғын алабындағы Ю.Гагарин көшесін – Асубұлақ деп өзгерту енгізуді ұсынған.

Сондай-ақ, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары әкімдіктері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көше тұрғындарымен келісіліп, хаттамасы түзілгенін айтады. Ал былтыр 280 көшеге қайта атау берілген. Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында барлығы 97 шағынаудан, 2129 көше бар.