Жыл басынан бері 472 жұмыссыз жас бағдарлама аясында медициналық, педагогикалық және техникалық мамандықтары бойынша түрлі мекемелерге,
кәсіпорындарға жолданды.
Жалпы, «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептеледі. Бағдарламаға қатысу үшін 29 жастан аспаған жұмыссыз және 2018-2020 жылдары жоғарғы оқу орындарының түлектері мамандығы бойынша қатыса алады. Мерзімі – 6 ай, жалақысы – 25 АЕК. Ескертетін бір жайт, бағдарламаға жастар бір-ақ рет қатыса алады.
Бұл бағдарламамен биыл 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.