Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды бірлесіп көгалдандыру туралы тапсырмасын негізге ала отырып өткізілген игі шараға Шымкент қаласы Қаратау әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы өкілдері де атсалысты.
Экологиялық акция барысында Жұмағали Білісбеков бастаған «Азаматтық Альянс» мүшелері, Эльмира Созақбаева жетекшілік ететін Шымкент қаласының Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері және Y-Peer еріктілері қатысып, шағынауданда жалпы 100-ден астам көшет отырғызылды.