Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бөлім қызметкерлері ХҚО-ның басқа бөлімдеріне жіберілмек. Қала тұрғындары мемлекеттік қызметті алу үшін Қаратау ауданының №1 ХҚО жүгіне алады. Мекенжайы: Қ.Төлеметов көшесі, 35.
Ал дайын құжаттарды беру секторы №2 бөлімде сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін бұрынғы режимде жұмыс істей береді.
Еске сала кетейік, мемлекеттік қызметтерді egov.kz электрондық үкімет порталында, eGovKzBot2.0 телеграм-ботында және eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта өз бетінше алуға болады. Ал компьютері жоқ азаматтар ХҚО ғимараттарынан тыс орналасқан egov.kz өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын пайдалана алады. Қаратау аудандық өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары әкімдіктер мен оқу орындарының ғимараттарында орналасқан.