– Асанбай Асқаровтың 100 жылдығы және Әділет органдарының 30-жылдығына орай Шымкент қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері Сот сараптама институты қызметкерлерімен бірлесе мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы Әділет аллеясына ағаш отырғыздық. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп текке айтылмаған. Саябақты аралап жүріп, Шымкент қаласының дамуында ізін қалдырған Асанбай Асқарұлының отырғызған ағаштарына куә да болдық, - деді Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Нұржан Маханбетов.