Версия для печати

Белсенді қоғам қалыптастыруда рөлі зор

Среда, 01 Март 2017 10:09 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 5570 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елімізде  ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» ұғымы кеңінен қолданылады. Өйткені ұлттық гендерлік саясат еліміздегі демократиялық үрдістердің ең маңызды құрамдас бөлігі.

1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат істері жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Кейін ол Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия болып қайта құрылды. Мемлекет басшысының 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығының Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді. Стратегиялық билік құрылымдарындағы әйелдер мен ерлерді теңестіруді қарастырады. Оларға экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бойынша өсу, білім беру саласында гендерлік білімді енгізу, әйелдердің, ерлердің репродуктивтік денсаулығын нығайту мен сақтау, отбасындағы міндеттермен құқықтарды тең дәрежеде жүзеге асыру үшін жағдай жасау жатады.

Аталған стратегияны жүзеге асыру мақсатында 2009 жылы 4-ші желтоқсанда «Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заң қабылданды. Қабылданған заң әйелдерге қатысты тұрмыстық зарлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бағытында шынайы құқықтық жағдай жасады. Гендер ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтын, ал кемсітушілік болған жағдайда оның да мүддесін сақтауға атсалысатын қоғамдық үдеріс. Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын іске асыруы үшін жағдай жасауға, белсенді қоғам қалыптастыруға ықпал ететін болады.

 

Р. АКБАСОВ,
Абай аудандық әділет басқармасының инспектор тіркеушісі,
Заңгерлер одағының мүшесі

Последнее изменение Среда, 01 Март 2017 10:15
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.