ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР – «ЖАС - ҰЛАН» ҚАТАРЫНДА Избранное

Пятница, 22 Декабрь 2023 05:21 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2142 раз

«Көрме» орталығында қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өтті. Салтанатты жиынға мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, білім басқармасының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары, мектеп парламент мүшелері, «Жас ұлан» ұйымының рәміздік тобы қатысты. Мерекелік жиында сөз алған Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева оқушыларға жылы лебізін білдірді.

okushi

 

–Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты – қала мектептерінің оқу озаттары және түрлі деңгейдегі байқау, жарыстардың жеңімпаздарын республикалық «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылдау, оқушыларды өз Отанын сүюге, елі мен халқының тарихын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Бүгінгі жиынға 300-дей оқушы қатысып отыр. Олар – қаламыздағы мектептердің оқу озаттары. Бүгінгі бала – ертеңгі болашағымыз. Сондықтан сапалы да білімді ұрпақ қалыптастыру тек мұғалімнің ғана емес, қоғамның алдындағы үлкен міндет деп білеміз. Шымкент қаласы – елімізде білім сапасы жағынан алдыңғы орынан көрініп келеді. Озаттарымыз көбейе берсін, – деді Н.Шәмшиева.
Мұнан кейін ұйымның мүшелеріне салтанатты түрде галстук байлау және төсбелгі тағу рәсімі өтіп, оқушылар концерттік бағдарламасын ұсынды.
–Бүгін «Жас ұлан» үздіктер қатарына қабылдандым. Бұл – мен үшін үлкен қуаныш. Сабағымды үздік оқып, елімнің патриоты болуға, Отаныма әрқашан қызмет етуге дайынмын. Бізді қолдап, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма да алғыс білдіремін,– деді №49 жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Бағдәулет Тағайбек.

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.