Халық ауыз әдебиетінің ішінде балалардың болмысына ең жақын туынды – ертегі. Бүлдіршіндерді жақсылыққа үйретіп, жамандықтан тыйып, тәрбиелі болып өсуіне септігін тигізетін ертегінің орны ерекше. Ертегілер бала қиялына қанат бітіріп, армандарын асқақтатады.
Бүлдіршіндер музыкалық және сөйлейтін кітаптарды қызыға тамашалап, ертегі тыңдап, жасырылған шығармалардың атауын тапты. «Бауырсақ» ертегісінен үзінді сахналап, «Шын жүректен» ойыны ойнатылды. Мәнерлеп өлең оқып, бір-біріне жұмбақтар жасырды.
Іс-шара соңында бөбекжай-бақшаның әдіскері Гүлнар Әбдірей бүлдіршіндерге ақ тілегін білдіріп, «Ертегі ғажайып сыр шертеді» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Гүлмира АЛИЕВА,
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №6 кітапхана
бөлімшесінің меңгерушісі