"Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы"Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

Шымкент қаласы әкімінің 2024 жылғы 13 тамыздағы № 2 шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 тамызда № 220-17 болып тіркелді

         

Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. "Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

        
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:

          № 68, № 172, № 213, № 214, № 221, № 235, № 236, № 262, № 284, № 294, № 308 және № 324 сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары осы шешімнің
1-қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

Абай ауданы осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес жаңадан ашылған № 342, № 343, № 344 және № 345 сайлау учаскелерімен толықтырылсын.

          2. "Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

          1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

          2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

          3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысына жүктелсін.

          4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Шымкент қаласының әкімі                     Г. Сыздыкбеков

 

Елорда төрінде өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыза түсті. Ел спортшылары жалпыкомандалық есепте көш бастап келеді. Қазақ күресі, аударыспақ, жамбы атудан отандық спортшылар жарқын жеңіске жетті. Сонымен, көптен күткен Ұлы дала дүбірі ел спортындағы кезекті тарихи сәттің бірі. Іс-шараның ашылу рәсімі де сән-салтанатымен, ерекшелігімен көптің есінде қалатыны анық.

Kospen10

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Онда коммуналдық қалдықтарды басқарудағы өзекті мәселелер, жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының қорытындысы мен санитариялық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды.

AkimatT

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР ТЕАТРЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Среда, 11 Сентябрь 2024 05:04

Мәдени іс-шараларды сапалы өткізу мақсатында «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-на қарасты елді мекендерде орналасқан 5 мәдениет үйі мен 5 клуб ғимараты штатымен қоса аудан әкімдіктерінің теңгеріміне өткізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев айтты. Басқарманың 7 айда атқарған қызметіне есеп берген Бауыржан Орынбасарұлы қаланың мәдени-рухани жаңалықтарымен бөлісті. Атап айтқанда музейлер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында "Шымкент қаласының музейлер бірлестігі" құрылуда.

BriFF

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Абай ауданындағы А-2 айналма жолының бесінші кезеңін және Өтегенов көшесінің жалғасын салу жұмысымен танысты. Жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысқан соң, жол көлік кептілісін оңтайлы реттеу мақсатында салалық басқарма мен мердігер ұйым басшыларына нысанды белгіленген мерзімде тапсыру үшін жұмысты екі ауысымда ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін А-2 жолы бойындағы аумақты абаттандыру, бағдаршам және жол белгілерін орнату бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

ShimSit

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Ел - жаңару жолында» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды ұлттық құндылықтар мен мәдениетке баулу, олардың патриоттық рухын арттыру, ұлтшылдыққа негіздеу болды.

SHASTAr

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет. ...Биыл егіс науқанына екі есе көп қаражат бөлінді. Алайда агроөнеркәсіпке бөлінетін бүкіл ақшаның 70 пайызы – мемлекет қаржысы. Бұл салаға коммерциялық банктердің қаражатын да тарту қажет. Диқандарға өсімі аз несие беру үшін мемлекеттік қаржы институттарын субсидиялау шаралары қолға алынды. Банктерге қатысты осындай тәжірибені қолдану керек. Мұның бәрі шаруаларды айналымға қажетті қаражатпен шұғыл қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық қатерін азайтуға және несие алуды оңтайландыруға жол ашады. Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс» деп аграрлы саланы дамытудың ең маңызды мәселесіне қатысты нақты міндеттерді көрсетіп берді.

teplissa

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте халыққа дәстүрлі Жолдауын жолдады. Құрғақ сөздің емес, нақты істің адамы ретінде халық Президенттен жақсы хабар, тың бастама күтті және сол үміт ақталды деп айта аламын.

JoldaU

Страница 1 из 887