АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ АҚЖОЛ ҚАЛШАБЕКТІҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Четверг, 04 Февраль 2021 04:30 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1848 раз

ЕЛДІК СҰЛБАСЫ НЕМЕСЕ ҰЛТТЫҚ РУХ ЖАЙЛЫ ТОЛҒАНЫС

WhatsApp Image 2021-02-03 at 18.17.50
 
А.Пушкин атындағы облыстық ғылыми- әмбебап кітапханасында филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы, әдебиеттанушы ғалым, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ақжол Қалшабектің Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай тұңғыш жарық көрген еңбек "Елдік сұлбасы немесе ұлттық рух жайлы толғаныс" кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап 2 тараудан, сонымен қатар 25 жылғы зерттеуден тұрады. Дін, ұлттық тарих, әдебиет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тұлғалар тағылымы тағы басқа өзекті мәселелер автордың осы еңбегінде жан-жақты әрі ерекше стилде сараланған.

WhatsApp Image 2021-02-03 at 18.17.51

Кітаптың тұсауын ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, ғалым, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Х.Есенқарақызы кесті. Сонымен қатар М.Әуезов атындағы ОҚУ «Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі» проректоры, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков авторды жарық көрген еңбегімен құттықтап, жүрекжарды лебізін арнады.

«Кітап ұстазымның көп жылғы ізденісінен туған. Бүгінгі ХХІ ғасырда актуалды және өзекті тақырыптардың біріне айналған адалдық, парасаттылық, әділдік сынды құндылықтар осы кітапта жан-жақты сараланған. Еңбек 2 бөлімнен тұрады, сонымен қатар тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңына орай биылғы жылы тұңғыш жарық көріп отырған жөні бөлек, жосығы ерек еңбек» - деп пікірін білдірді, ғалымның шәкірті Ә.Исабек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Шәмшінің шері Опера театрындағы бір күн »