Сонымен қатар, электрондық үкімет порталында салымшының қаражатының түсуі мен қозғалысы туралы мемлекеттік қызмет (қызметтің атауы – "Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу") ұсынылады. Оны екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады. Бұл ретте осы қызмет шеңберінде ұсынылатын құжат инвестициялық табысты есепке алмай берілетінін атап өткен жөн.
БЖЗҚ enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте ЖЗШ-ға түсетін жарналар мен оған есептелген инвестициялық кіріс туралы толық ақпарат ұсынылған. Онда кез келген кезең үшін ЖЗШ-дан үзінді көшірмені қалыптастыруға болады. Сонымен қатар, сіз ең төменгі жеткіліктілік шегі және алуға болатын сома бойынша ақпаратты, зейнетақы шотының бар екендігі туралы анықтаманы алып, мерзімсіз белгіленген 1 және 2 топтағы мүгедектік бойынша және ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш бере аласыз. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда мұнда өз деректемелеріңізге өзгерістер енгізуге, жинақтарды сенімгерлік басқаруға аударуға, өтінімдеріңіздің мәртебесін көруге, зейнетақы калькуляторын пайдалануға және т. б. қызметтерді жүзеге асыруға болады.
БЖЗҚ-ның Жеке кабинеттегі сервистері үнемі жетілдіріліп отырады. Мәселен, зейнетақы төлемдерін тағайындау және деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш берген кезде өтінішке электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен ғана емес, сонымен қатар QR-кодтың көмегімен де қол қоюға болады.
Қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің қашықтықтан көрсетілетін қызметтерінің ыңғайлылығын жоғары бағалауда. Осыған байланысты БЖЗҚ осы бағыттағы жұмысын одан әрі жалғастыра беретін болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).