Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс екенін атап өтті. Шымкент қаласында автокөлік жолдарының құрылысы мен оның сапасын бақылау бағытында жұмыстар қарқын алған. Осыдан 4 жыл бұрын қаладағы жол құрылысында жылына мыңнан астам ақау анықталса, соңғы 2 жылда бұл…
–Бахадыр Сатыбалдыұлы, Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың Түркістан қаласында өткен екінші отырысында «Қазақстан тарихының жаңа ғылыми ұстанымдарға сай әзірленген көп томдық жинағын» әзірлеудің маңызына тоқтала келіп, әзірленіп жатқан жеті томдық еңбекте «осыған дейін жіберілген тұжырымдамалық қателіктер мен кемшіліктер қайталанбауы қажеттігін» атап өтті. Президенттің айтып отырғаны қандай…
Сот саласында 30 жылдай судья лауазымын абыроймен атқарған шымкенттік ардагер Ақмарал Қалдарова қыркүйек айында жетпіс жасқа толады. 2010 жылы жергілікті судьялардың қатарында ең алғашқылардың бірі болып «Үш би» құрмет белгісінің иегері атанған. Бүгінде Шымкент қалалық сотының Құрметті тақтасында мәртебелі атақты иемденушілердің арасында бірінші болып тұр.«Ұрпақтар…
Шымкент қаласының негізгі экологиялық проблемаларының бірі – атмосфераның ластануы, дейді сала мамандары. Ауаны ластаушылар негізінен, қала аумағында орналасқан ірі кәсіпорындар, автокөліктер және қатты отын қолданатын қазандықтар. Шаһарда зауыттар мен өндіріс орындарынан пайда болған экологиялық мәселелерді шешу мақсатында осы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Экология және…
Қазақстан әлеуметтік бағыт-бағдары айқын, тұрақты мемлекет ретінде танылған. Соның ішінде, үшінші мегаполис атанған Шымкентте халыққа әлеуметтік қолдау көрсетіп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайған. 2021 жылы 50 455 отбасыға көмек көрсетілген болса, былтыр атаулы…
Халық саны жыл сайын өсіп отырған мегаполисте баспанаға сұраныс та өте жоғары. Мемлекеттен тұрғын үй құрылысына қыруар қаржы бөлініп, баспана салу жыл сайын артса да, қалың кезектің алға жылжымай, халықты әбігерге түсіретіні тағы бар. Тұрғын үй кезегіне тіркелгендердің статистикасына назар салсақ, екі жылда 7,5 мың…
– Сая ханым, «Ізгілік бастауы – даналық. Даналық қайнары – ұстаздар өнегесі» деген бұрынғылардан жеткен сөз бар. Біз де бүгінгі әңгімеміздің әлқисасын сізді тәрбиелеп, өсірген адамдар мен ұстаздар жайынан бастасақ... – Кез келген істе баланың ұстазы ең бірінші әкесі мен шешесі. Бала тәрбиені әуелі ата…
Әлемде 9 миллионнан астам адам қатерлі ісіктен көз жұмады. Елімізде бұл статистика да көңіл көншітерліктей емес, жылына обырға 30 мыңға жуық адам шалдығады екен. Ұлт денсаулығын жақсартуда Қазақстанда Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілген. «Аурудың жазылуы оның қаншалықты ерте анықталғанына байланысты» дейді Шымкент қалалық №2 аурухананың емхана бойынша бастапқы…
–Түркияда орын алған жер сілкінісінен кейін көпшілікті Шымкент қаласының зілзалаға дайындығы қалай деген сұрақ мазалайды... –Шымкент қаласы 7-8 баллдық жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Сондықтан Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті табиғи апатқа дайындықты пысықтау үшін тиісті шараларды жүйелі түрде атқарып келеді. Атап…
Отбасы — шағын мемлекет. Бір шаңырақтың басындағы мәселе дер кезінде қаралмаса, уақыт өте қордаланып, бүтін бір мемлекеттің түйткіліне айналуы бек мүмкін. Ал, келеңсіздіктердің алдын алу үшін не істемек керек? Әйел мен бала құқығының, отбасы құндылықтарының сақталуы қай деңгейде? Көкейдегі сан сауалдың жауабын Шымкент қаласы әкімнің…