Еңбекші ауданы – қаланың өндірістік аймағы саналады. Қазіргі таңда ауданда абаттандыру, жол инфрақұрылымын дамыту, жұмыспен қамту, жылу маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Еңбекші ауданының әкімі Досбол ЕСІЛБЕК бізге жеті айда атқарылған жұмыстарын және бірқатар мәселелерді баяндап берді.
Зерттеушілердің айтуынша, коронавирусты жеңу үшін әрбір елдің денсаулық сақтау жүйесінің айтарлықтай беріктігі қажет. Өйткені, вирустың таралуы оның қоршаған ортада өмір сүру қабілетіне ғана емес, өзге де факторлар әсер ететін көрінеді. Мамандар жылдың кез келген уақытында Covid-19 індетінің таралу жылдамдығы адамдардың әрекетіне тікелей байланысты болады дегенді…
Әлемдік пандемия кезеңінде қарапайым адамдармен қатар жүкті әйелдердің де өмірі қауіп-қатерге толы болғаны шындық. Бір емес екі адамның өмірі қыл үстінде тұрған шақта дәрігерлер ана мен баланың өмірін сақтап қалуға барынша тырысты. Дегенмен, мамандар жүкті әйелдердің коронавирус инфекциясынан қорғанудың барлық амалын жасау қажеттігін ескертеді. Covid-19…
Философияда «Өркениеттің дамуы — руханияттың құлдырауына әкеледі» деген тәмсіл бар. Алайда, өркениет пен руханият арасындағы тепе-теңдікті сақтап тұратын орта кітапхана десек қателеспейміз. Бүгінде руханият қазынасының қарашаңырағында отын сөндірмей, түтіні түзу шығу үшін бар күш-жігерін жұмсап жүрген өз ісінің мамандары жетерлік. Біз осындай ортаның бірегейі қалалық…
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағында мұнай-химия бағытындағы метил-трет-бутил эфирін (МТБЭ) өндіру жобасы іске асырылуда. Метил-трет-бутил-эфирі – октан санын ұлғайтуға пайдаланатын қоспа. Жоба аясында жылына 57 000 тонна МТБЭ өндіру жоспарланған. Кәсіпорын мұнай өнімдеріне жоғары стандартты қосымша қоспа өнімдерін дайындайды. Жалпы аталған өндіріс қаланың өңдеу өнеркәсібіне…
– Альбина Балғабайқызы, Шымкент республикалық мәртебеге ие болған 4 жылдың ішінде қаланың бюджеті 4 есе көбейді. Соның ішінде бюджеттің жергілікті кірістері 2,5 еседей артқаны айтылып жүр. Әрине, бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ, қала қашан өз шығындарын өзі жауып, дотациялық өңір атанудан құтылады? Әкімдіктің осы бағытта атқарып…
Жыл сайын 30 маусымда әлем мемлекеттері халықаралық адам саудасымен күрес күнін атап өтеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 2013 жылы қабылданған бұл дата адам саудасының құрбандарының құқықтарын қорғауға арналған. Себебі, адам саудасы – ауыр қылмыс. Бүкіл әлемде жыл сайын мыңдаған адамның құқығы бұзылып, зардап…
Шымкент қалалық №3 аурухана жаңа орталықпен толығып, заманауи медициналық құрал-жабдықтар және қондырғылармен қамтылуда. Қаладан шалғай орналасқан қырық жылға жуық тарихы бар мекеменің ағымдағы жөндеу жұмыстарынан кейін жаңа тынысы ашылғандай. Медициналық ұйымдағы өзгерістер мен тың жаңалықтар жайында аурухананың бас дәрігері Сәрсен ПЕРНЕБЕКОВПЕН сұхбаттастық.
2006 жылы қарапайым ғана компьютерлік қызмет көрсету орталығынан бастау алған «Ернияз» өндірістік фирмасы қазіргі таңда Шымкенттегі баспа саласының үздіктері қатарынан көрініп жүр. Бүгінде ҚР мемлекеттік рәміздерін өндірумен де айналысып, өңірдегі мекемелерді сапалы әрі стандарттарға сай өніммен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір мекеме. 4 маусым – Мемлекеттік…
– Бекет Тұрғараұлы, бүкіл саналы ғұмырыңызды судьялық қызметке арнадыңыз. Судьялық деген тек біреуді жазалау немесе ақтау ғана емес қой. Сіз шығарған үкімдер мен шешімдер адамдардың тағдырын шешіп, өмірін басқа арнаға бұрып жатты. Осынау жауапкершілік жүгі адамға ауыр тимей ме? – Иә, адам жанын аршалап қалу…