Кезекті маусым қорытындыланды Избранное

Среда, 06 Декабрь 2023 04:39 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 700 раз

Көрме орталығында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Алтын Орда» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының кезекті маусымының жабылу салтанаты өтті. Мерекелік кеште қаламызды тазалауға атсалысып, абаттандыруымен айналысқан жастар марапатталды.

jasil-1

 

Елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы жастарды еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған «Жасыл ел» жобасына 1 500 сарбаздан құралған еңбек жасағы қатысты. Биылғы күз маусымында «Жасыл қала», «Эко-керуен», «Қамқор», «Салауатты ұрпақ», «Таза қала өзіңнен басталады» акциясы бойынша жұмыстар атқарылды.
–Қала жастарын еңбекке баулу арқылы туған жерді қадірлеп, қастерлеуге үйретеміз. «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы өмір сүріп жатқан ортамыздың тазалығы ғана емес, адамдар арасындағы қарым-қатынас тазалығын да айтамыз. Бұл тазалыққа бағытталған дүние. Отанымыздың ауасы таза болуына, қаламыздың көрікті болуына тікелей үлестерін қосып жатқан жастардың еңбегі орасан зор. Мұндай еңбек өзінің нәтижесін бермей қоймайды. Сіздер тұрғанда біздің болашағым жарқын, тынысымыз кең болады. Алдыңғы аға-буынның міндеті Сіздерді сол іске ынталандыру, жағдай жасау, қолдау көрсету, – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.
Айта кетейік, жастардың жұмыс тобы 5 ауданға бөлініп, күніне 4 сағаттан тиімді, пайдалы жұмыстар атқарды. Саябақтарды жапырақтан тазартты, ардагерлер үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Қала аумағында 14 000 көшет егіп, Абай саябағында 5 000 түп шырша отырғызды.