ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 8 СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ Избранное

Пятница, 29 Март 2024 05:22 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 577 раз

Шымкент қаласында 8-18 сәуір аралығында 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз гранттың 1-ші легі бойынша өтінім беру басталады.

Tauar

 

Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.
Мемлекеттік грант қаражаты әлеуметтік осал топтар қатарындағы адамдарға, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін:
– Порталда тіркелу;
– грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
– порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
–өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.
Интернет немесе компьютер қолжетімді болмаған жағдайда азаматтар аудандық мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім бере алады.
Өтінім беруші келесі әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек:
– еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
– қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар;
– өңіраралық қоныс аударушылар;
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
– Мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
– асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
Сонымен қатар, гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда және үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты бар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Грант иегері атанған азамат хабарламаны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салық органдарында өз қызметін тіркеуге міндетті.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
Тұрғындар қайтарымсыз грант жайында кеңесті тіркелген мекен жай бойынша аудандық мансап орталықтарының мамандарына жүгіне алады.
Айта кетерлігі, Орталық тарапынан грант алушыға қаражаттың нысаналы мақсатты пайдалану бойынша үнемі мониторинг бақылау жүргізетін болады. Грант қаражаты мақсатсыз жұмсалған жағдайда қаражат толық қайтаруға жататынын ескертеміз.
Аудандық мансап орталықтарының мекен жайы:
Қаратау мен Еңбекші аудандары – Бәйтереков, 89.
Абай ауданы – Арғынбеков, 243/3.
Тұран ауданы – Қазыбек би, 50.
Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов, 201.

Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильдігі
орталығы

Последнее изменение Пятница, 29 Март 2024 05:34
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.