76 жастағы қарияның жүрегіне ашық ота жасалды

Пятница, 17 Май 2024 07:43 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 1270 раз

Шымкент жүрек орталығының дәрігерлері 76 жастағы қарияның жүрегіне жасанды жүрек аппаратын қолдану арқылы ашық ота жасап, аман алып қалды.

Адам өміріне аса маңызды жүрек қан тамырлары зақымдалған зейнеткер Бахадыр Исановқа құны 2 миллион 900 мың теңге тұратын күрделі ота МӘМС есебінен жасалған. Дәрігерлер мұндай ота түрлерімен жылына 500-ден астам науқастың өміріне араша болуда.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында ми қан тамырларының күрделі бұзылыстарында, жүрек ауруларын емдеуде күрделі ота жасауға қолжетімділік артқан. Қазіргі таңда қалада жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін ұсынатын 10 медициналық мекеме қызмет көрсетуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.