КЕҢЕСКЕН ЖЕРДЕ КЕМДІК ЖОҚ
Среда, 04 Октябрь 2023 04:48қала әкімі қаратаулықтардың мәселелерін тыңдады
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Шаһар басшысы тұрғындарға әлеуметтік-экономикалық даму мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу жұмыстарының барысынан хабардар етіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: ҚОРЖЫНДА – 3 АЛТЫН, 3 КҮМІС, 14 ҚОЛА
Пятница, 29 Сентябрь 2023 05:38Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Жазғы Азия ойындары қыза түсті. Қазіргі таңда ел спортшылары 3 алтын, 3 күміс, 14 қола жүлдемен 9-шы орында келеді. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша әйелдер құрамасы алғашқы алтын жүлдені ел қоржынына салған еді. Ұлттық құрама сапында Алматы облысынан Әсем Орынбай және Шымкент қаласының спортшылары – Зоя Кравченко, Ольга Панарина финалда Азия ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды.
«Ел жарасты көрінер, еңбегі жанған ерімен»
Пятница, 29 Сентябрь 2023 03:51Қалалық Жастар ресурстық орталығында «Сенім қадамы» жобасы аясындағы «Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырған байқауға 100-ге жуық өтінім түскен еді.
Отанды қорғау – перзенттік парыз
Пятница, 29 Сентябрь 2023 03:49ҚР Қорғаныс Министрлігінің Әскери бөлімдеріне жас сарбаздарды салтанатты шығарып салу іс-шарасы өтті. Шымкентте осы күзде 900-ден астам азамат әскери қызметке шақырылады. Бұған дейін ҰҚК Шекара қызметі бөліміне әскерге шақырылушылардың бірінші командасы жіберілген-тін.
ИНВЕСТ БАҒДАРЛАМАМЕН 8 НЫСАН ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Среда, 27 Сентябрь 2023 05:54Шымкент қаласында су құбыры және кәріз жүйелерін жөндеу, қайта құру бойынша 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама бекітілген еді. Биыл ірі 8 нысанда құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Шымкент қаласының су құбыры және канализация басқармасы және Табиғи монополияларды реттеу департаменті бірлесе ұйымдастырған кезекті баспасөз турында атқарылған жұмыстар сараланды.
ТАРИХЫҢДЫ ТАНЫ, ТҰЛҒАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕ
Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:46Шымкентте түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы Арыстан бабқа арналған еліміз бойынша тұңғыш рет республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. «Арыстан баб және ихсан тағылымы» тақырыбындағы басқосуға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшелері, имамдар, зиялы қауым өкілдері, студент жастар қатысты.
ТҰРАН, ШЫМСИТИ: қысқа әзірлік пысықталды
Среда, 20 Сентябрь 2023 06:53Шымкент қаласының Тұран, Шымсити шағынаудандарындағы көпқабатты үйлердің қысқы жылу мерзіміне дайындық барысын пысықтау бойынша баспасөз туры өтті. Іс-шараға қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, «Қуатжылуорталық-3» мекемесінің және БАҚ өкілдері қатысты.
Shymkent marathon жарыс бар жерде, жеңіс бар
Среда, 20 Сентябрь 2023 06:40Шымкент қаласында «Shymkent Marathon» ауқымды спорттық іс-шарасы биыл 6-шы рет өтті. Бұқаралық жүгіру сайысына 5 мыңнан астам адам қатысты. Атап айтқанда, биылғы бәсекеге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Молдова, Моңғолия және еліміздің басқа өңірлерінен, жалпы 60-тан астам қаладан қатысушылар тіркелген. 2018 жылы басталған бұқаралық сайыс осылайша жалғасын тауып отыр.