«НАР ТӘУЕКЕЛ» ӨМІРДІ ӨЗГЕРТУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ Избранное

Пятница, 26 Апрель 2024 06:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 359 раз

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай кәсіпкер, жазушы Данияр Беркімбаевтың «Нар тәуекел» кітабының таныстырылымы өтті.
Мәдени іс-шара «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ғимаратында орналасқан кітапханада өтті. Кітаптың таныстырылымына мектеп оқушылары, колледж студенттері, кітапсүйер қауым қатысты.

KitaPP

 

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Қазақстанның құрметті жазушысы Момбек Әбдәкімұлы, Шымкент қалалық маслихатының депутаты Қайрат Имашев және Шымкент қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Нұрила Жұманова жиынның құрметті қонағы болды.
Келген қонақтар авторға құттықтауларын айтып, шығармашылық табыс тіледі.
— «AMANAT» партиясының сайлауалды тұғырнамасы да «Нар тәуекел» деп аталған еді. «Нар тәуекел» деп партиямыз трансформациядан өтіп, жаңашыл қадамдарға барды. Сол сияқты таныстырылып жатқан кітаптың оқырмандары да тәуекелге бел буып, өмірлерін, кәсіптерін өзгертеді дегенге сенемін,–деді Жанар Бектаева. Автордың айтуы бойынша, кітап жазуға түрткі болған басты себеп – кәсіптегі қиын жағдайлар.
— Сондай дағдарыс сәттерде адам бойындағы жасырын потенциал ашылады екен. Жалпы қолға қалам алып, жазушылық жолға түсу бала кезден арман еді. Бала арманымның орындалып, жүзеге асатын уақыты енді келіп жатыр. Бойымдағы шығармашылық потенциалды байқамауым, өз-өзімді танымағанның кесірі екен, — дейді Данияр Беркімбаев.
Жиын соңында келген оқырмандарға автордың кітаптары табысталды.

Абылайхан ОРАЗАЛИЕВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.