Версия для печати

5 мың неке тіркелді Избранное

Пятница, 16 Сентябрь 2022 05:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 565 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласында отбасы күніне орай жас отбасыларға «неке қию куәліктерін» салтанатты түрде табыстау іс-шарасы ұйымдастырылды. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова некеге тұруға ниет білдірген жастарды құттықтап, отбасы құндылығын сақтаудың маңыздылығына тоқталып өтті.

140

 

Отбасы күні қоғамда өнегелілікті нығайтып, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын арттыра түседі. Қала тұрғыны Бақдәулет Әуелбеков пен Аружан Тұрғын мереке қарсаңында отбасын құруды жоспарлапты. Жас отбасылардың некесі мерекеде алғаш болып тіркелді. Басқарма басшысы жас отбасыларға неке куәліктерін табыс етіп, жауапты қадамдарына сәттілік тіледі.
Айта кетсек, қалада 2022 жылдың 8 айында 4735 неке қию туралы акт жазбасы тіркелген. Өткен жылы бұл кезеңде 5 364 неке қиылған.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.