Өмірге құштар жастар Избранное

Пятница, 14 Октябрь 2022 04:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 575 раз

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада 25 қазан – Республика күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисі мен шахмат ойындарынан арнайы жарыс өтті.

354

 

Іс- шара Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Шахмат және үстел теннисі бойынша өткен турнирге 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты. Жарыстың мақсаты – қаламыздағы ерекше жастардың кедергісіз орта қалыптастырып, өмір сүру сапасын арттыру және өмірдің барлық салаларында қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының жастармен жұмыс жүргізу және отбасы құндылықтарын насихаттау бөлімінің басшысы Талғат Сәлінұлы іс-шараның маңызына тоқталып өтті.⁣⁣
— Жалпы аталмыш іс-шаралар кешені аясында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті меңгеру бойынша курстар, қаланың көрікті жерлері мен мәдени мұражайларға экскурсия, талантты жастардың арасында шығармашылық кеш, жас қолөнер шеберлерінің көрмесі, үстел теннисі және шахматтан турнирі өткізілетін болады. Осындай жобалар жастардың жан-жақты дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Спортпен айналысу оларға психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан көмектеседі, – деді Талғат Сәлінұлы.⁣⁣
Айта кетейік, аталған жобаға өмірге құштар 200-дей жастар қатысуда. Алдағы уақытта болатын шығармашылық кеште үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар бағалы сыйлықтар және алғыс хатпен марапатталады. ⁣⁣