Версия для печати

ҚАЗАҚ-ТҮРІК ДОСТЫҒЫ НЫҒАЙДЫ Избранное

Пятница, 11 Ноябрь 2022 05:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 813 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласында түрік жұртына танымал ақын-жазушы Юнус Эмренің ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов,
Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавошуглу, Түркия Республикасының Шымкент қаласындағы Құрметті Консулдығының құрметті Консулы Латипша Асанов және қала тұрғындары қатысты.

716

 

Құрметті қонақтар түріктің ойшыл ақынының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шаһар басшысы жазушы Юнус Эмренің шығармалары мен өмір жолына тоқталып өтті.
– Ю.Эмре – бізге Қожа Ахмет Яссауидың сопылық ілімін жалғастырушы ретінде белгілі автор. Оның шығармалары сүйіспеншілік пен мейірімділікке негізделген. Түркі жұртына танымал «Көк түрік» деп рух берген Мағжан
Жұмабаевтың шығармалары да Юнус Эмре есімімен тығыз байланысты, – деді М.Әйтенов.
Қала әкімі түбі бір түркі жұртының тарихы мен мәдениетінің және рухани байланыстарына негізделген қазақ-түрік достығының дәлелі ретінде Шымкент қаласының Измир, Ескишехир, Адана қалаларымен достық байланыс орнатқанын да тілге тиек етті. Түркия елімен стратегиялық жоспарлардың, сауда-экономикалық қарым-қатынас пен бірлескен жобалардың жаңа белеске көтерілетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, Түркия Сыртқы істер министрі М.Чавошуглу сапары аясында Түркия Республикасының Шымкенттегі Құрметті Консулдығының жұмысымен танысты. Түркия Сыртқы істер министрінің сапары аясында қала әкімінің қатысуымен шаһардың бизнес өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.