ПСИХОЛОГТАР СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Пятница, 19 Май 2023 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 789 раз

Жастар ресурстық орталығының бастамасымен Жол-көлік колледжі студенттері арасында «Мазасыздық деңгейін диагностикалау» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

47

 

Жастар арасында кездесетін психологиялық өзгерістер мен түрлі теріс мінез-құлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған жиында мамандар жас ерекшелігіне қарай дайындалған әлеуметтік сауалнамаларды жүргізді. Сонымен қатар, студенттер арасында орын алатын кейбір кереғар жағдайларды зерделеп, олардың алдын алу жолдарын түсіндірді.
Студенттер тренинг барысында мамандарға көкейтесті сауалдарын қойып, жастар арасында кездесетін психологиялық мазасыздықтар жөнінде мағлұмат алды. Жиын соңы психологиялық ойындармен жалғасты.
А.МАРАЛБЕКҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.