Версия для печати

ЖЕТІ АЙДА ҚАНДАЙ ЖҰМЫС АТҚАРЫЛДЫ? Избранное

Среда, 02 Август 2023 04:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 721 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы және атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингі өтті.

710

 

Қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Имашев және фракция жетекшісінің орынбасары Талғат Балтабаев сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында түзілген қалалық Жол картасының іске асырылуы барысынан хабардар етті.
Республикалық Жол картасы сайлаушылардың талап-тілектері ескеріліп, түзілген болатын. Жол картасы 4 басымдық, 100 тармақ, 452 индикаторлық іс-шараларды қамтиды. Сондай-ақ, бес жылда Жол картасын толық орындау үшін бюджеттен 1,2 триллион теңге қаражат қарастырылған.
– Алдағы уақытта тұрғындардың ұсыныстары мен тілектері келіп түсіп жататын болса, ол мәселелерді депутаттық сауал жолдап, қадағалауға аламыз. Сайлауалды бағдарламаны орындауға бөлінетін қаражат қаламыздың алдағы 5 жылдық даму жоспарына сәйкес әзірленді. Жол картасының 2023-2024 жылғы іс-шараларына қаржыландыру мәселесі толығымен шешілген. 2023 жылдың 7 айдың қорытындысы бойынша биылға жоспарланған 93 іс-шараның 12-і (13 %) аяқталып, 81-і орындалу үстінде, – деді Қайрат Есенбекұлы.
Атап айтқанда, Жол картасы аясында «Оқушылар сарайы», «Саз-өнер» мектебінің ғимараты, «Скейт парк», Тұран ауданының ХҚКО, спорттық алаңшалар, «Металлург» стадионы, жаңа Ипподром ашылып, пайдалануға берілді.
Қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев сайлауалды бағдарламаны орындау мақсатында әр депутат белсенді жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.