Халық мұрасын дәріптеген көрме Избранное

Пятница, 18 Октябрь 2024 05:37 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 76 раз

Қаладағы Көрме орталығында «Халық мұрасы – халық қазынасы» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның басты мақсаты –қолөнер шеберлерін халыққа таныстыру, оларға өз тұтынушысымен дидарласып, іскерлік, сауда-саттық қарым-қатынас жасауға ашық алаң ұсыну, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа ұлттық қолөнерді дәріптеу, насихаттау.

xalikMura

 

Қолөнер – халқымыздың ерте заманнан келе жатқан төл өнері. Бойымызға қанмен сіңген бабалардан келе жатқан асыл мұра. Бүгінде қолөнер заман талабына сай өзгеріп, дамып келеді. Қолөнер тек бос уақытты өткізудің құралы ғана емес, көптеген адамның табыс көзіне айналып отыр. Осы орайда жыл сайын дәстүрлі түрде өңіріміздің қолөнер шеберлерін қолдау мақсатында «Халық мұрасы – халық қазынасы» тақырыбында көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.
Көрме орталығының директоры Зухра Әмзеқызы іс-шараның ашылу рәсімінде күн өткен сайын қолөнер көрмесінің маңыздылығы артып, көпшілік сұранысына ие болып жатқанын атап өтті. Дәстүрлі түрде өтетін аталмыш іс-шараның қолөнерші мен халыққа берері мол.
Дәстүрлі қолөнер мерекесінде келушілерге шебер қолдардан шыққан туындылар – теріден, ағаштан, қыштан, темірден, киізден, зергерлік бұйымдардың, ұлттық нақыштағы киімнен бастап, барлық үй жабдығының кең ассортименті ұсынылды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.