ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ Избранное

Пятница, 18 Октябрь 2024 05:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 74 раз

Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге деген жанашырлық сезімін оятуға бағытталған бағдарлама Шымкент қаласында нәтижелі жүзеге асып жатыр.

subbot

 

Атап айтқанда, бүгін Шымкент қаласының барлық ауданының аумақтарында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтуде. Мәселен, Абай ауданына қарасты Достық және Асар-2 шағын аудандарында өткен экологиялық іс-шарға аудан тұрғындары, «Жасыл ел» жасақтары мен белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты. Олар Таңшапағы көшесі бойын ретке келтіріп, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
–Сүйікті қаламызды таза ұстауға атсалысу – азаматтық борышымыз. Мұндай іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса екен. Жалпы, тазалық өзімізден басталады, – дейді Асар-2 шағынауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұхамедәлі Баубеков.
Осындай іс-шара Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданында да өтті. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен тазалық шарасына қала жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері қатысты.
Сондай-ақ, экологиялық Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінің бойы мен Еламан шағын ауданында, Қаратау ауданы Тассай шағын ауданы Алматы тас жолының бойында, Тұран ауданына қарасты №3 шағын ауданында және Қаратау ауданындағы «Астана» аллеясында ұйымдастырылды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.