ШАҺАРДА 1 МЛН ТҮП ҚЫЗҒАЛДАҚ ЕГІЛДІ Избранное

Пятница, 27 Октябрь 2023 04:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 852 раз

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әбілқайыр Оңғар 9 айда атқарылған жұмыс бойынша баспасөз брифингін өткізді.

761

 

Әбілқайыр Бақытқалиұлы қысқы маусымға дайындық, санитарлық тазалық, көгалдандыру жұмыстарының барысынан хабардар етті.
Басқармаға қарасты қала аумағында 891 шақырым 443 магистральді көшенің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мекеме атқарып отыр. Ал, қысқы қардан тазалау жұмыстарына 155 арнайы техника жұмылдырылмақ.
– Қазір қысқы маусым жұмыстарына дайындықты бастап кеттік. Алдағы қыс маусымына мемлекеттік-жекешелік әріптестік тарапынан 126 арнайы техника дайын, одан бөлек жеке кәсіпкерлердің 29 арнайы техникасын жалға алуға келісімшарттар түзілді, – деді Ә.Оңғар.
Сондай-ақ, қазіргі таңда орталық 10 көшеде көгалдандыру жұмыстары қарқын алған. Әл-Фараби ауданында 350 мыңға жуық, жалпы қала бойынша 1 млн түп бір жылдық қызғалдақ егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызғалдақ егу жұмыстары жыл сайын қазан айында атқарылады.

Другие материалы в этой категории: « ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ Сақтансаң, сақтайды »