«Tazalike» – таза қала кепілі Избранное

Среда, 14 Февраль 2024 03:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 172 раз

Шымкентте «Tazalike» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Қала тұрғындары экологиялық акцияға белсене үлес қосты.

subotnik

 

Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттері оқу корпусы аумағында ғана емес, өздері тұратын жатақхана мен спорт кешені аумақтарын, көше бойын тазалап, көшеттердің түбін қопсытты. Сенбілікке 200-ден астам студент қатысты.
Бұл күні ардагерлер мен қала тұрғындары Абай саябағын тазалау акциясына қатысты. Саябақ – қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны. Мұнда ашық ауада серуендеп қана қоймай, спортпен шұғылдануға да жағдай жасалған.
Ардагерлер өздерінің жеке үлгісімен мегаполистің әрбір тұрғынына тазалықты сақтау қажеттігін көрсетті. Олар өздерімен бірге немерелерін ала келіп, осы ізгі іске үйретуде.
Жалпықалалық сенбілікте көпшілік саябақтар мен гүлзарларды, аулалар мен көшелерді және арық-атыздарды қоқыстан тазартты.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.