Жоба басталды Избранное

Среда, 21 Февраль 2024 05:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 225 раз

Шымкент қаласында 14-35 жас аралығында 381796 жас бар. 2023-2024 оқу жылында 8 жоғары оқу орнында 74 451 студент және 38 орта арнаулы оқу орнында 49493 студент білім алуда.

shass

 

Бүгінде үшінші мегаполисте статистика бойынша NEET санатындағы жұмыссыз жүрген 29807 жастың тізімі жасақталған. Жастарды жұмыспен қамту, шағын гранттармен ынталандыру жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі – «ZHAS PROJECT» жастар корпусы» жобасы.
– Өткен жылдың қыркүйегінде «Қорған-М» қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласында NEET санатына кіретін жастарды қолдау жөніндегі жобаны іске асырған болатын. Аталған бірлестік биыл тағы да 20 шағын грантқа конкурс жариялағалы отыр, - деп мәлімдеді жоба жетекшісі Диана Киргизбаева.
Жобаның мақсаты – Шымкент қаласы жастарының проблемаларын шешу жөніндегі идеяларды танымал ету, елдің экономикалық және әлеуметтік болашағын қалыптастыру, жаһандық азаматтық қағидаттарын енгізу, сондай-ақ жастардың идеялары мен жобаларына қолдау көрсету.
– Жобаға 18-35 аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады. Гранттың сомасы – 1 млн. теңге, – дейді жоба жетекшісі.
– Жоба үйлестірушісі Анастасия Урюпина әлеуметтік жобаға қойылатын талаптар 2023 жылғы «ZHAS PROJECT» шағын гранттар конкурсы туралы ереженің 3-тармағымен реттелетінін түсіндіре кетті.
– Өтініш беруші ұсынған жоба жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге немесе жастардың осал топтарын қолдауға бағытталуы тиіс. Жобаны өтініш беруші төрт айдан аспайтын мерзімде іске асыруы қажет. Өтінішдер 2024 жылғы 25 наурыз–24 сәуір аралығында қабылданады, – деді А.Урюпина.
Айта кетейік, іріктеу нәтижелерінің қорытындысы 15 мамырда әлеуметтік желілерде және ұйымдастырушының сайтында жарияланады.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.