Емтиханда алдауға мүмкіндік бермейді Избранное

Среда, 28 Февраль 2024 04:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 412 раз

Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрес жүргізуде. Жүргізуші куәліктеріне теориялық емтихандарды тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұған дейін 3.0 ЖЖЕ жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегімен де бақылауға болады.

son-1

 

Бүгінде әрбір жүргізуші куәлігін алуға үміткер үшінші азамат айласын асырып, теорияны микроқұлаққаппен тапсыруға тырысады. Бұл олқылықтың алдын алу үшін Мемлекеттік корпорация оларды анықтайтын арнайы детекторлар енгізді.
—Микроқұлаққаптардың диаметрі 2 миллиметрден аспауы мүмкін, оларды көру мүмкін емес болғандықтан біз жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын жүйе енгіздік. Ол микроқұлаққаптардың бар-жоғын бірден анықтап, ХҚКО операторына дереу хабарлауға қауқарлы. Сондай-ақ, бағдарлама автоматты түрде экранға микроқұлаққап табылғаны және тестілеу тоқтатылатыны туралы хабарламаны шығарады, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.
Естеріңізге сала кетейік, көмекші техниканы, үшінші тұлғалардың көмегі мен кеңестерін пайдаланудың барлық фактілерін Мемлекеттік корпорация тіркейді. Бұл ретте емтихан нәтижелері жойылады. Ондай жағдайда емтиханды 3 айдан кейін ғана қайта тапсыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, ЖЖЕ
3.0 жүйесі енгізілген сәттен бастап бүгінге дейін Шымкентте емтиханды түрлі айла-шарғымен тапсырудың
76 фактісі анықталып отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК ШФ баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.