Жаңбыр суын сору жұмыстарын үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Құрамында әкімдік, коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бар. Бұл бағыттағы жұмыстарға төтеншеліктер мен әкімдіктің 100-ден астам қызметкері және 20 техника мен 10 мотопомпа жұмылдырылды.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков шұғыл түрде аталған елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексеріп, жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді. Бұл жағдай қала әкімінің тұрақты бақылауында.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі