ЕСЕПШІЛЕР ЖАРНАНЫ ӘР АЙҒА БЕЛГІЛЕП АУДАРУЫ ТИІС

Среда, 03 Апрель 2024 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 139 раз

Мұғалімдер ұзақ мерзімді демалысқа шыққанда сақтандыру мәртебесін жоғалтпауы тиіс. Өзекті мәселені шешу жолдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен өткен жиын барысында қызу талқыланды.

 

Ұстаздардың 56 күндік еңбек демалысында ай сайынғы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы бір айға аударылып, келесі айына жарна түспей келген. Бір айға жарнаның түспеуі салдарынан білім саласының мамандары сақтандыру мәртебесінен айырылып, МӘМС аясындағы тиісті медициналық көмекті ала алмай қалатын жағдайлар жиілеп отыр.
Кездесуге аудан әкімдіктері мен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілдері, қалалық білім, денсаулық сақтау және еңбек инспекциясы басқармасының басшылары, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілдері, колледж және мектеп директорлары қатысты.
Жиын барысында мамандар педагогтердің демалысы бірнеше кезеңді (бір айдан астам) қамтитындықтан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін кезеңдерге бөліп аудару қажет екенін түсіндірді. Сонымен қатар, мәселені қадағалауға байланысты тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Алдағы уақытта білім мекемелерінің есепшілері төлем тапсырмаларында жарнаны әр айға жеке белгілеп аударуы тиіс.

«ШК»-ақпарат

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.