Қала әкімі тиісті басқарма басшысына емханаларға тіркелуді талаптарға сай реттеп, заңсыздықтарға жол бермеу қажеттігін ескертті.
Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б.Өнербаев волонтерлік жобаларды жүзеге асыру барысына тоқталды. Ғабит Әбдімәжитұлы жауаптыларға еріктілердің жұмысына қолайлы жағдай жасап, оларды қолдау бойынша нақты тапсырмалар берді.
Аппарат отырысында қала тазалығын сақтауда атқарылып жатқан жұмыстар да пысықталды. Бұл ретте сала басшыларына аудандардағы тазалық шараларын жоспарға сай ұйымдастыру ескертілді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі